Ақтауда мекеме қызметкерлері ерекше балаға күш көрсеткен

Школьный спортивный зал, спортзал, школьный спортзал, уроки физкультуры, физкультура, физическая культура, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 12:24 Фото: Zakon.kz/Алия Абди
Ақтаудағы түзету орталығында ерекше балаға қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтау тұрғыны Раиса Маратқызы ұлының денесі бірнеше рет көгеріп келгенін байқаған соң, не болғанын анықтау үшін түзету орталығындағы бейнебақылау камераларының жазбасын көрсетуді талап еткен. Көргені ата-ананы шошытты. "Жетінші арна" дерегіне сүйенсек, бейнежазбада жаттықтырушының баламен дөрекі сөйлесіп, күш қолданғаны байқалады. Кадрларға қарағанда, оқиға жаттығу кезінде болған. Баланың анасы бірден құқық қорғау органдарына шағымданған. Қазір орталықтың жұмысы уақытша тоқтатылып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Арызданушының барлық уәжі тексеріліп, бейнебақылау камераларының жазбалары мұқият зерделенуде. Сонымен қатар мекеменің барлық қызметкерінен жауап алынуда. Бұдан бөлек, тиісті уәкілетті органдар – білім беру және денсаулық сақтау басқармаларына олардың құзыреті шеңберінде қажет шараларды қабылдау үшін ұсыныс жолданатын болады".Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау ПД баспасөз хатшысы

Бұған дейін астаналықтардың салық бойынша берешегі миллиардтаған теңгеге жеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: