Таразда балаларды қолдау орталығының қызметкері кәмелетке толмаған баланы ұрған

Таразда прокуратура қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығында кәмелетке толмаған балаға қатыгездік көрсету фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 13 ақпанда Тараз прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға тәрбиеленушінің оқу орнынан рұқсатсыз шығып кеткенінен кейін жүргізілген тексеру кезінде анықталған. Орталық қызметкерлерінің бірі балаға дене жарақатын салған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айғақ зат ретінде ұрып-соғуды растайтын видеолар алынды.
Прокуратура қылмыскердің қылмыстық жауапкершілікке тартылып, мекемеден жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript