Алматы зообағы сақалтай балапаны қалай жұмыртқа жаратынын көрсетті

Фото: видеодан скриншот
Алматы хайуанаттар бағындағы сақалтай жыртқыш құсы жыл сайын жұмыртқа басып, балапан шығарады. Зообақ қызметкерлері сақалтай балапаны қалай жұмыртқа жаратынын, дүниеге келетінін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сақалтай – жыртқыш құстар отрядының қаршығатәрізділер тұқымдасына жататын ірі құс. Ел арасында оларды қозықұмай, көкжөре деп те атайды. Оның балапанының өмірге келуі өте қиын әрі қызық. Мұндай процесті бақ қызметкерлері Алматы зообағының Instagram-дағы ресми парақшасында бөлісті.

Қымбатты достар! Сіздер балапанның өмірге қалай келетінін білесіздер ме? Бүгін біз сіздерге сақалтай балапанының өмірге қалай келетінін көрсетеміз. Зообағымыздағы сақалтайлар 2019 жылдан бастап жұп құрып, содан бері жыл сайын жұмыртқа басып, балапан шығарады.Алматы зообағы

Бақ қызметкері, орнитолог Назгүл Елдеева зообақтағы бірнеше ондаған құстың жұмыртқа жарып, дүниеге келу процесіне куә болған. Сондай құстардың қатарында субүркіт, бүркіт, сұңқар, ителгі, тазқара сияқты сирек кездесетін және жойылу алдында тұрған бірнеше құс бар.

Қызықты
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды