Димаштың жанкүйері фамилиясын Құдайбергенова деп өзгертті

Ростов облысының Шахты қаласының тұрғыны қазақстандық әншіге деген сүйіспеншілігінен фамилиясын Құдайбейгенова деп ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Димаштың жанкүйері Кристина Құдайбергенова Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Енді мен ресми түрде Құдайбергеновамын. Бұл фамилиямен тіпті есімім де әдемі естіле бастады. 2019 жылдың 7 қыркүйегінде Димаштың шығармашылығымен таныстым. Ди алғашқы секундтарда-ақ жүрегімді жаулап алған сияқты. Сол кезден Құдайберген(ов) фамилиясы мен үшін әдемі естілетін. Кейде мен оның фамилиясын өз есіміме қосып, айтатынмын. Ол кезде жай ермек еді. Сосын наурыз айында құрбыммен фамилия ауыстыру тақырыбын талқылап кеттік. Содан бері ауыстыруға ойым кетті - деп жазды Кристина.

Кристинаның айтуынша, Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы оған қиын-қыстау кезде көмектескен. 2021 жылдың басында қыздың әкеcі мен анасы қайтыс болған. Сол кезде әншінің өнері мені жұбатқандай болды дейді Кристина. Димаштың жанкүйері оған рақмет ретінде бүгінде фамилиясын алып отыр.

2021 жылдың қаңтарында, арасына бір апта салып, ата-анам қайтыс болды. Сол жылдың сәуір айында әжем де қайтты. Сол кезде мен Димаштың өнерін көп көрдім. Жандүниемдегі олқылық пен жүрегімдегі сызатты соның шығармашылығымен толтырғым келгендей. Ол менің өмір сүру эликсиріме айналды. Димашпен менің өмірім жалғасып жатыр, ол арқылы мен өмір сүру керек екенін түсіндім. Мен оның фамилиясын алу арқылы оған жасаған барлық ісі үшін алғысымды білдіремін. Димашқа менің өмірімде пайда болғаны үшін шексіз алғысымды айтамын. Кристина Құдайбергенова

Кристина фамилиясын ауыстырғаннан кейін Қазақстанды міндетті түрде көруім керек деп отыр.

Қазақстан Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: