Алматыда Қалқаманға дейінгі метро желісінің құрылысы 97 пайызға аяқталды

Алматыда Қалқаманға дейінгі метро желісінің құрылысы 97 пайызға аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2026 19:00 Сурет: видео скрині
Алматыда Қалқаман бағытына дейін созылатын жаңа метро желісінің құрылысы аяқталуға жақын. Жоба бойынша жұмыстардың 97 пайызы орындалған, ал нысанды алдағы алты ай ішінде пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жаңа желі тәулігіне 130 мыңға дейін жолаушыға қызмет көрсете алады. Жоба аясында тұрғындардың қолайлы қатынауы үшін 350 орындық автотұрақ салынып, заманауи көлік инфрақұрылымы қалыптастырылып жатыр.

Жаңа учаскеде үш метро станциясы бой көтеруде. Оның біріншісі Алатау даңғылы бойында, Наурызбай ауданы әкімдігіне жақын маңда орналасады. Екінші станция Төле би көшесімен қиылысатын аумақта салынса, үшінші станция "Барлық" базары маңында ашылады.

Жобаның жалпы ұзындығы – 5,3 шақырым. Оның құрамына үш жаңа станция мен оларды байланыстыратын тоннельдер кіреді.

Мамандардың айтуынша, жаңа метро желісі қала тұрғындарының жолға кететін уақытын қысқартып, қоғамдық көліктің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Алматының батыс бағытындағы көлік жүктемесін азайтуға ықпал етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: