Арыстағы жарылыс: тағы 48 кәсіпкерлік нысанға өтемақы төленеді

Сурет: Zakon.kz
2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шегіп, өтемақы ала алмай қалған 48 кәсіпкерлік нысанға өтемақы төленетін болды. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бизнесмендердің мәселесін шешуді Түркістан облысының әкімдігіне тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы жылдың 6 мамырында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде кеңес өтті. Нәтижесінже Түркістан облысының әкімдігіне қалған 48 нысанға өтемақы төлеу мәселесін шешу туралы тапсырма берілді, – деп жазды atameken.kz ақпараттық порталы.

Еске салсақ, осыдан 3 жыл бұрын Арыста әскери қоймадағы қару-жарақ жарылған кезде жақын маңдағы 464 бизнес нысаны зардап шеккені белгілі болып, соның 464-і өтемақы алған еді.

Оларға өтемақы «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі арқылы ашылған («Бизнес бизнеске» жобасы) арнайы қайырымдылық есепшотынан берілді.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды