«TIJI» балалар телеарнасы енді қазақ тілінде хабар таратады

Сурет: pexels
Балалар жылы аясында қолға алынған игі жоба Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі мен Францияның «GROUP M6» компаниясының бастамасымен жүзеге асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала жүргізілген зерттеулер мен әлеуметтік сауалнамалар нәтижесі қазақстандық балалардың отандық өнімнен басқа, әсіресе осы телеарнаның өнімін сүйіп көретінін көрсетті.

Аударма жұмыстары былтыр басталып, 70 сағаттық телеөнім мемлекеттік тілде дубляждалды, деп жазды qazaqstan.tv.

Кездесу барысында тараптар балалар үшін қауіпсіз ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ету маңыздылығына тоқталды.

Мен мультфильмдерді жақсы көремін.Уақыт болғанда қарап отырамыз. Әзірше, кабельдік жүйелерде көрсетіледі Қазақстанның территориясында. Болашақта шетелде, қиырда тұрған қазақстарға да таратуға болатын жолды табу керек. Асқар Омаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Жоба аясында атқарылған барлық жұмыстар Қазақстанда жүзеге асырылды. Өз басым елде аталмыш салада ілгерлеушілік бар екенін, дубляж кәсіби дамығанын, жаңа студиялардың ашылғанын байқадым. Ал «TIJI»-дің басты мессенджі балаларды ойын арқылы қызықтырып, тәрбиелік мәні бар контент қалыптастыру. Бізде сондай-ақ, 2-ден 7 жасқа дейінгі балаларға арналған телеоқыту бағдарламасы қарастырылған. Жан-Рене Окутюрье, «Group M6» компаниясының директоры
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы