Нью-Йоркте полицей болып істейтін Димаш Ниязовтың тұңғышы дүниеге келді

Сурет: Instagram/dimash.niyazov
Қазақстанның тумасы, америкалық полицей, кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов пен оның жұбайы Дженнифер ата-ана атанды. Ерлі-зайыптылар тұңғыш сәбилерінің есімін Камилла деп қойды. Бұл жаңалықты Димаш Ниязов instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Ниязов пен Дженнифер 2018 жылы шаңырақ көтерді. Дженнифер үйде босануды жөн көрген.

Димаш Ниязов Instagram парақшасында: «Босану кезінде дәрігерлер, дәрі-дәрмек, ауырсынуды басатын дәрілер болған жоқ», – деп жазды.

Қазақстанның Түркістан облысының тумасы Димаш Ниязовтың АҚШ-та тұрып жатқанына он үш жылдан асты. Жасөспірім кезінде ол отбасымен бірге көшіп кеткен.

Димаш Ниязов Нью-Йорк полиция департаментінде жұмыс істейді, Бруклиндегі аудандардың тәртібіне жауап береді. 2017 жылы Ниязов үздік полиция қызметкері атанды. Ол кәсіпқой боксшы.

АҚШ
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді