Семейліктен бір келі марихуана тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Сәуір айының басында Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 45 жастағы қала тұрғынының есірткінің заңсыз айналымымен айналысу фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санкцияланған тінту жүргізу барысында күдіктінің тұрғылықты жері бойынша мата түйіншегі мен ішінде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар 15 полимерлі түйіншегі бар полиэтилен пакет табылып, алынды.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар жалпы салмағы бір келі кептірілген марихуана екені дәлелденді.

Полицейлер ер адам аталған өсімдікті одан әрі сату мақсатында өзен жағасынан жинап алғанын анықтады.

Күдікті есірткіні ұзақ уақыт бойы сатумен айналысқан екен. Ол өзінің заңсыз кәсібін белшесінен батқан қарыздарын жабу үшін жасап жүргенін айтқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек