Қазақстанда доллар бағамы тағы түсті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 17:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 1,67 теңгеге төмендеп, 415,12 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да 0,15 теңгеге өсіп, 7,4 болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 62,31 теңгеге (-0,16) жетті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 415,5-419 теңге, еуро 444-450,5 теңге, ресей рублі 6,8-7,1 теңге аралығында сатылуда.

Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров Парламент Мәжілісінің алаңында теңгенің нығаюы туралы айтып, қазіргі уақытта бағам нақты екенін айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз