Кейбір қазақстандықтар табысының жартысынан көбін тамаққа жұмсайды - депутат

Сурет: Zakon.kz
Сенатта 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы қаралды. Өз сөзінде депутат Динар Нөкетаева қазақстандықтардың табысының деңгейіне наразы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенатордың айтуынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5,3 пайызды құрайды. Бейресми мәлімет бойынша бұл 1,5 миллионнан астам қазақстандық.

Ал Қазақстандағы кедейлік шегі Африка және Оңтүстік Америка елдерімен бір деңгейде.

Соңғы жылдары елде ЖІӨ бірнеше есе өскеніне қарамастан, қазақстандықтардың кем дегенде 40%-ы азық-түлік сатып алуға бюджетінің 59%-ын жұмсайды. 2 миллион өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 85 пайыздан астамы айына 100 мың теңгеден төмен жалақы алады, оның ішінде 10 пайызының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болса, кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 30 пайызға жетеді. Динар Нөкетаева

Айта кетейік, бұған дейін жалпы отырыста Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандық жастардың біліктілігі мәселесін көтерген болатын. Ол ЭЫДҰ елдерінің жастарымен салыстырғанда Қазақстандағы университет түлектерінің бәсекеге қабілетті емес екенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды