Қазақстанда жануарлардың күтімін енді қоғамдық инспекторлар бақылайды

Сурет: Zakon.kz
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы бұйрығымен Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидаларға сай жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды осындай қызметті жүзеге асыру көзделген қоғамдық инспекторлар және коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асырады.

Қоғамдық бақылау жануарларды сауықтыру орталықтарында, аулау қызметтерінде, байланыс хайуанаттар бағында, жануарларды паналау орындарында, зоологиялық питомниктер мен қонақүйлерде, жануарларды уақытша ұстау изоляторларында, жылжымалы мал шаруашылығында, цирктерде, хайуанаттар бағында өтеусіз және ерікті негізде жүзеге асырады.

Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде жануарларды жауапкершілікпен қарау саласындағы инспекторларға және коммерциялық емес ұйымдарға жануарларды уақытша ұстау орындарының және оларды емдеуді жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың аумағына және үй-жайларына кіруге рұқсат беріледі.

Қоғамдық инспекторлар тиісті анықтама алады. Ол үшін әкімдікке электронды өтініш беру керек. Өтініште: аты-жөні, мекенжайы, ЖСН, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі.

Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:

Куәлік электронды түрде QR коды және куәлікті берген органның атауы, тіркеу нөмірі, берілген (қайта тіркеу) күні және бір жылға жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер базасында қалыптастырылады.

Бұйрық 2022 жылы 24 шілдеде күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты