Нұр-Сұлтанда кран құлап, көпқабатты үйдің терезесі бүлінді – қызметтік тексеріс нәтижесі

Сурет: gov.kz
Нұр-Сұлтандағы «Көркем Тауэр» тұрғын үй кешенінің алтыншы қабатында жүк көтергіш кранның терезесін сындырған оқиғаға қатысты жүргізілген қызметтік тексерудің қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәуірдің 28-і күні құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде «Көркем Тауэр» тұрғын үй кешенінің алтыншы қабатында автокран терезені сындырған.

«Стройкласс-Механизация» ЖШС барлық мүдделі тұлғаларды қоса отырып, оқиғаға қызметтік тексеру жүргізу үшін комиссия құрды.

Комиссия оқиғаның жүкті шектегіш пен кран жебе ұзындығының сенсорының жұмыс істемеуі нәтижесінде орын алғанын анықтады.

Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарын бұзғаны үшін автокран иесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 298 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді