Ұлттық компания басшысы Теңізшевройл нысандарын аралады. Жекелей алсақ, ол өндірістік процестің «жүрегі», арнайы мониторинг жасайтын біріккен орталыққа барды. Сонымен қатар, басқарма төрағасы Газ өңдеу зауытының Кешенді технологиялық желісінің жұмысымен танысты. Объектілерді аралап болған соң, Санжар Жаркешов вахталық поселкенің жағдайын көріп қайтты.
Сонымен қатар, ол «Құлсары» компрессорлық станциясының жұмыс барысын бақылады, оның иелігінде 8 газ айдау агрегаты бар. Компрессорлық станция құрамына бес турбокомпрессорлық цех кіреді. Бүгінде «Құлсары» компрессорлық станциясының жағдайы көңіл көншітпейді, жуық арада станцияға жаңарту жұмыстарын жүргізу керек. ТКЦ 1, 2, 3, 5 – пайдаланудан шығарылған.
Сурет: QazaqGaz баспасөз қызметі
Жұмыс барысы кезінде «QazaqGaz» басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қуаты 1 млрд м³ құрайтын жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс барысымен танысты. Жоба газ өңдеу саласының дамуына ықпал етіп, ішкі нарықтың ресурстық базасын ұлғайтуға септігін тигізеді деп күтілуде. Нысанды іске қосу арқылы өңірде жаңа жұмыс орындары ашылады.
Қарабатанда орналасқан «Болашақ» зауытының жұмысын көру кезінде NCOC компаниясының басшылығымен тауарлық газ базасын ұлғайту мәселесі көтерілді. Айта кетейік, аталған шара газ саласының Кешенді жоспары аясында қарастырылған. Бүгінде құжат мемлекеттік органдармен келісілді.
Сурет: QazaqGaz баспасөз қызметі
«QazaqGaz» ұлттық компаниясының мойнына артылған маңызды тапсырмалардың бірі - халықты үздіксіз газбен қамтып, болашақта көгілдір отын тапшылығын болдырмау үшін тауарлық газ базасын ұлғайту. Біз жуырда жаңа «QazaqGaz» даму көзқарасын ұсынып, басымдықтарды белгіледік. Компания жоспарында батыс өңірлердің газ тасымалдау жүйесін қайта қалпына келтіру. Аталған мәселелерді шешу үшін газ саласының стратегиясын жасау маңызды. Бұл газ саласындағы барлық нарық қатысушыларының күшін бір жерге тоғыстыруды талап етеді, оның ішінде трансұлттық компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар мен Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол және тағы басқалары бар», – деді Санжар Жаркешов.