Қант әлегі: Ауыл шаруашылығы министрлігі аймақтарға 152 вагон қант жеткізуге уәде берді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы күндері ел аймақтарына 152 вагон қант жеткізілетініне уәде берді. Министрлік «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, ел аймақтарын шекер және шикі қантпен кедергісіз қамтамасыз ету мәселесін шешті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі 28 мамырдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ аймақтағы стратегиялық тауарларды үздіксіз жеткізу үшін вагондардың өтуіне ерекше бақылау орнатқанын мәлімдеді.

Қазір Қазақстан аумағы бойынша теміржол арқылы 152 вагон қант тасымалданып жатыр. Сонымен қатар өңдеуге арналған 116 вагон шикі қант теміржол арқылы жеткізіліп жатыр. Облыстық әкімдіктерге жеткізілген қантты жедел қабылдап, таратуды қамтамасыз ету ұсынылады.Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігі «елді қантпен қамтамасыз ету мәселесі үкіметтің тұрақты бақылауында» деп сендірді.

Отандық зауыттардың қант өндіруі тарифтерді жеңілдету шеңберінде үшінші елдерден жеткізілетін шикі құрақ қантынан жүзеге асырылады.

Отандық зауыттарда қант өндірісі тоқтамайды, оны аймақтарға үздіксіз жеткізу жүзеге асырылып жатыр. Өнім қоры үнемі толықтырылып отырады.Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Еске салайық, 23 мамырдан бастап Қазақстан қантты экспорттауға тыйым салған еді.

27 мамырда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елде қант тапшылығы жоқ екенін айтты. Олар Республикадағы тәтті өнімнің қоры 67 мың тоннаға жуық екенін жеткізген еді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: