Ақтөбеде Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшем дүниеге келді

Сурет: Instagram/opc.aktobe
35 жастағы Қарлығаш Жармағанбетова үшемді «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша жасанды ұрықтандыру әдісімен көтерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 жастағы қыздан кейін бір перзент сүюді армандаған Болатовтар әулеті бір сәтте көпбалалы отбасына айналды. Сәбилердің есімін Мемлекет басшысындай тұлға болсын деген ырыммен қойдық, - дейді үшемнің анасы, делінеді Astana.tv сюжетінде.

Енем бар кезде үйлеріңде ер бала дүниеге келіп жатса, атын Кемел қойыңдар деп айтып кетті. Қазір, өкінішке қарай, енеміз қасымызда жоқ. УЗИ-ден үшем деп айтқан кезде үлкенін Кемел деп шештік бірден, аман-есен босанып жатсам, Кемел деп қоямыз дедік. Егіз бала, ер бала дегесін қасына Қасым, Жомарт деп Президентіміздің атын қойдық. Үшемнің анасы Қарлығаш Жармағанбетова

35 жастағы Қарлығаш Жармағанбетова үшемді «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша жасанды ұрықтандыру әдісімен көтерген. Айы, күні жеткенде облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері кесарь тілігін жасап, босандырып алды. Бұл - Ақтөбедегі соңғы екі жылда дүниеге келген алғашқы үшем. Шақалақтар мен олардың анасы әлі он күндей перзентханада болады.

Балалардың жағдайы жақсы, қазір анасының жанында, салмақ қосқанша бақылауымызда болады. Шараналардың салмағы - қазір 1900 грамнан 2600 грамға дейін. Ақтөбе облыстық Перинаталдық орталығы директорының орынбасары Андрей Гайдай
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты