Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков кәмелетке толмаған баланы құтқару оқиғасының мән-жайын айтып берді.
14 жастағы Роман достарымен бірге Есентай өзенінің жағалауында болған. Бала парапет арқылы арғы бетке өтпек болды, бірақ, өкінішке орай, сүрініп, суға құлап кетті. Бұл кезде осы учаскеде жедел әрекет етуші арнайы жасақтың инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор Руслан Қалиев бар жаяу жасақ тәртіп сақшыларының кезекшілігін атқарып жатқан. Суға батып бара жатқан баланы көрген аға лейтенант Тортай бірден суға секіріп, Романды суырып алды. Нұрлан Алмасбеков
Қалалық ПД басшысының орынбасарының айтуынша, балада бәрі жақсы, ол ата-анасына берілген.
Жасөспірімнің анасы ұлын аман алып қалған полицейлерге алғысын білдірді.