Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандары ерте сатылып жатқан қарбыздарды алуға асықпау керек екенін айтты. Әсіресе ол жиегінде және белгіленбеген сауда орындарында қарбыз сатып алуға қатаң тыйым салынады. Өйткені олар шаң мен басқа да зиян заттарды жақсы сіңіреді.
Қарбызды сатып алуға асықпаңыз. Маусым мен шілде айының басында жол бойында сатылатын қарбыздар, әдетте, табиғи емес жылыжай жағдайында өсіріледі. Олардың құрамында нитраттар, бояғыштар болуы мүмкін. «Пленка астында» піскен қарбыздың дәмі мен пайдасы далада піскен қарбыздан әлдеқайда төмен. Әрине, барлық жылыжай қарбызы зиян дей алмаймыз. Олара зиян заттардың болуы денсаулыққа қауіпті. Бақша дақылдарын жол бойынан емес, базар мен сауда орындарынан алған дұрыс. Себебі онда бақылау жүргізіледі, – деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Мамандардың сөзінше, жылыжай жидектерін өсіру кезінде минералды тыңайтқыштар көбірек қолданылады. Бұл нитраттардың шамадан тыс жиналуына және қарбыздың улануына әкелуі мүмкін. Бақша дақылдарындағы нитраттардың рұқсат етілген деңгейі – 60 мг/кг.
Қарбыз сияқты бақша дақылын өсіру оңай емес. Қарбыз температура, ылғалдылық және топырақ құнарлылығының өзгеруіне өте сезімтал, – дейді мамандар.
Бақша дақылдарын өсіруге арналған егістіктерді өңдейтін пестицидтердің көптеген түрі бар. Қарбыз олардың өсуі мен пісуі кезінде гербицидтермен, фунгицидтермен және инсектицидтермен өңделеді. Олардың барлығы адам ағзасына әсер ете алады екен.
Ерте піскен жемісте жеген соң әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, интоксикация белгілері (жүрек айну, құсу) болуы мүмкін. Егер осы химиялық қосылыстар азғада ұзақ уақыт жиналса, эндокрин жүйесінің, жүрек-қантамыр қызметі мен тыныс алу бұзылуы мүмкін. Нағыз піскен қарбыз біздің нарыққа тамыздың екінші жартысында келеді. Сол кезде ғана пестицидтердің әсерінен қорықпай, дәмінен ләззат, өзінен денсаулыққа пайда алуға болады, – деп хабарлады комитет мамандары.
Микробтар қарбыздың сыртында да, ішінде де болады. Себебі ол жерде піседі, содан кейін тасымалданады, сақталады. Ал мұның бәрінде стерильді жағдай қарастырылмайды. Егер тиеу-түсіру кезінде қарбыз жарылып кетсе, аққан шырыны түрлі инфекцияның тасымалдаушысы ғана емес, сонымен қатар микроорганизмдердің кең спектрі үшін керемет өсіру алаңына айналады.
Осыған байланысты мамандар қарбызды кесіп, дәмін көріп барып алу қауіпті екенін айтып отыр.
Сатушылар қарбыздың піскенін дәлелдеу үшін одан кішкене кесіп, сатып алушыға көрсетіп, оны кескен жеріне қайта салады. Бұл тазалық жағынан дұрыс емес. Біріншіден, пышақтың таза-таза емес екені, онымен не кескені белгісіз. Екіншіден, қарбыздың ішінде қоздырғыштар болмаса да, олар сол жерде пайда бола алады. Сондықтан тұрғындардың денсаулығына қамқорлық жасай отырып, кесіліп сатылатын қарбыз алудан аулақ болуды ұсынамыз. Сосын қарбызды сатып алған соң оны мұқият жуу керек. Тіпті сабындап жууға да болады. Кесілген бақша дақылдарын тоңазытқышта, таза, жабық ыдыста, шикі өнімнен бөлек сақтау қажет, – деп ескертті департамент мамандары.