Ақтөбеде Ресейден келген танымал блогерді тонап, соққыға жыққан

Сурет: instagram/wanderer_arthur
Ақтөбеде танымал ресейлік турист-блогер Артур Странникті тонап, соққыға жыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ранж» газетінің хабарлауынша, ол Байкалға барған. Оның жолы үш мемлекет арқылы өтуі керек еді: Қазақстан, Моңғолия және Ресей. Видеолардың бірінде турист блогер Ақтөбеде өзіне шабуыл жасалғанын айтқан.

Өзі айтқандай, кешкісін қаланы аралап жүрген ол қалың жастардың қолына түскен. Олар оның велосипедін, айфонын, сөмкесін алып кетті, онда жол жүруге ақша бар болған.

Айтуынша, қалтасындағы құжаттары, бейнекамерасы мен 2000 теңге ғана сақталған.

Сондай-ақ ол полицияның Орынборға билет алуға көмектескенін айтты.

Бұл оқиғаға қатысты Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді. Велосипед ұрлау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдын ала тергеу барысында жәбірленуші мас күйінде велосипедін жоғалтудың барлық мән-жайын есіне түсірмейтіні анықталды. Ақтөбе облысының ПД
Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды