Павлодар облысында жібек құрт қаптап кетті

Сурет: pixabay
Павлодар облысында жасыл желекті жібек құрт басып алды. Жәндіктер бұған дейін Ертіс, Железин, Павлодар ауданындарында анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді Баянауыл ұлттық паркіне жетті. Парктің Жасыбай бөлімшесінің басшысы Қуанбек Мадиннің айтуынша, зиянкестер қайың мен теректің жапырақтарын жаппай жойып жатыр, деп жазады «Хабар 24 ».

Қазір жалпы аумағы 7 гектардай орман алқабы зардап шеккен. Ал жібек құрттардың пайда болғанын инспекторлар алты күн бұрын көрген. Себебі ағаш жапырақтары сарғайып, түсе бастаған.

Бұл туралы дереу орталыққа хабарланып, тиісті мамандар да шақырылған. Олар құрттың түрін анықтау үшін сынама алды. Енді зиянкестерге қарсы күрес шаралары басталады.

Баянауыл табиғи ұлттық паркі ерекше қорғалатын аумақ болғандықтан химикатпен улауға болмайды.

Күрес табиғи жолмен, яғни құстарға ұяшық жасау, құмырысқаларды жіберу арқылы жүргізіледі.

Мамандардың айтуынша, жібек құрттар қатты нөсер, бұршақпен де кетеді екен.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады