Орталық банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы 2017 жылы іске қоылғанын атап өтті.
Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3,2 тоннаға жуық 94 545 алтын құйма сатылды.ҚР Ұлттық банкі
Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г.
Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26%, яғни, 24 493 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма көп сатылады – 20 385 дана (22%), 5 грамдық құймадан 19 468 дана (20%), 100 грамдық құймадан 18 679 дана (20%), 50 грамдық құймадан 11 520 дана (12%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.ҚР Ұлттық банкі
Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.
Ұлттық банк таратқан ақпаратқа сай, Бағдарлама басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері жалпы салмағы 330 келі 13 692 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған құймалардың 14%-ы.
Кері сатып алынған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.ҚР Ұлттық банкі
Әр құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапта шығады, сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаныш қорабы сапа сертификаты да бола алады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыппен сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.
Қазір алтын құймаларды екінші деңгейлі банктердің есептік касса бөлімдерінде және банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде сатып алып, кері сатуға болады.