Петропавл әкімі Болат Жұмабеков отставкаға кетті

Сурет: Facebook/Булат Жумабеков
Петропавл әкімі Болат Жұмабеков отставкаға кетті. Ол Facebook желісіндегі парақшасында барлығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, өзі қала әкімі қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін зейнеткерлікке шығуды шештім. Соңғы үш жылда біз бірге көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтар оқиғасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс бойынша көптеген сұрақтар. Болат Жұмабеков

Сонымен қатар, ол осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің бүкіл ұжымы кәсіби біліктілік танытқанын нақтылады.

Әріптестерге, коммуналдық қызметтерге, кәсіпкерлерге, ХҚКО/ОСИ төрағаларына, депутаттарға, қоғамдық кеңес мүшелеріне, БАҚ өкілдеріне, құқық қорғау, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлеріне, сондай-ақ барлық белсенділерге бірлескен жұмысы үшін бөлек алғыс сөздер. Болат Жұмабеков

Болат Жұмабеков 2019 жылдан бері Петропавл қаласының әкімі болып келеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді