Мұндай норма «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілді.
Депутат Дүйсенбай Тұрғанов сөзінше, сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар Алматыдағы жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның қызметі мен құрамын нақтылауға, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық-құқықтық нысанын айқындауға бағытталған, сонымен қатар оның негізгі қызметін реттейді.
Сонымен бірге ПИК және Мүлік иелері бірлестігіне кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшу мерзімін 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзарту ұсынылады.
Сенат «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тақырыбын енгізілген түзетулерді ескере отырып түзетуді ұсынды.
Экология және табиғатты пайдалану комитеті осы заң жобасына Қазақстан парламенті сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісуді ұсынады.Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов
Осылайша құжат тұтастай парламентте қабылданып, мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.
16 маусымда Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысында депутаттар ПИК-тің Мүлік иелері бірлестігіне көшу мерзімін 2023 жылы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы ұсыныс жасаған заң жобасын мәжіліске қайтарды.