Астана әуежайы арқылы жүздеген iPhone 18 смартфонын заңсыз алып өтпек болған
Сурет: Мемлекеттік кірістер комитеті
"Әуежай – Астана" кеден бекетінің қызметкерлері мобильді құрылғыларды заңсыз әкелудің 10 дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Барлығы 223 iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods сымсыз құлаққабы анықталды.
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғаларға жеке пайдалану үшін бір адамға екі ұялы телефоннан артық алып кіруге рұқсат етілмейтінін еске салды.
Белгіленген мөлшерден асқан жағдайда құрылғыларды декларациялап, тиісті кедендік рәсімдерден өту қажет.
Еске салайық, бұған дейін шетелдіктен ақша алдап алмақ болған ҰҚК-нің екі қызметкері сотталғанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript