Семейде газгольдер жарылды: зардап шеккендер туралы не белгілі

Семейде газ тасымалдайтын көлік жарылды: зардап шеккендер туралы не белгілі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2026 22:10 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Семейде газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан, кейін газ тасымалдайтын көліктің жарылуы нәтижесінде шыққан өрт толық сөндірілді. Нақтыланған мәлімет бойынша, оқиға Сосновая көшесінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт бір қабатты автожуу ғимараты мен екі жеке тұрғын үйге тараған.

Оқиға салдарынан екі адам күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің, полиция департаментінің, жедел медициналық жәрдем станциясының және "Зеленострой" ЖШС күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында барлығы 90-ға жуық адам мен 30 техника жұмыс істеді.

Семейде газ тасымалдайтын көлік жарылды: зардап шеккендер туралы не белгілі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2026 22:10

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Өрт толық сөндірілді. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Семейдің Солтүстік ауданында, Сосновая көшесінде бір қабатты автожуу ғимаратының ашық жалынмен өртеніп жатқаны хабарланған еді. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін газгольдер жарылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: