Қырғыз елінен 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды

Сурет: pixabay
Қырғыз елінің шекарашылары «Чон-Капка – Автодорожный» бақылау-өткізу пунктінде жүкті заңсыз әкету фактісін анықтаған. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткізу бекетіне 38 жастағы қазақстандық жүргізген КамАЗ жүк көлігі келген, деп жазады turkystan.kz.

Ер адам көлікте тыңайтқыш барын айтқан. Бірақ автокөлікті тексеру кезінде шекарашылар 30 тоннаға жуық қант тапты. Ол тәтті өнімді селитра салынған қаптардың арасында жасырған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды