Маусымдағы жылдық инфляция 14,5% болды

Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы маусымда өткен жылдың маусымымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы 19,2%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 13,2%-ға, ақылы қызметтер 9,2%-ға қымбаттады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы АПР Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азық-түлік нарығында жылдық мәнде бағаның ең көп өсуі қантқа – 78,7%-ға, қырыққабатқа – 72,4%-ға, пиязға – 69,3%-ға белгіленді. Картоп бағасының 9,8%-ға төмендеуі байқалды.

Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі 2022 жылғы маусымда (2021 жылғы маусыммен салыстырғанда) 13,2%-ды құрады.

Бағалардың өсімі:

Ақылы қызметтердің бағасы бір жылда (2022 жылдың маусымынан 2021 жылдың маусымына дейін) 9,2%-ға өсті.

Қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне баға деңгейі 15,9%-ға, денсаулық сақтау – 14,7%-ға, санаторийлерге – 13,7%-ға, кешенді демалыс ұйымдарына – 13,2%-ға, шаштараз және жеке күтім қызметтеріне – 12%-ға, қонақүйлерге – 5,7%-ға өсті.

Жолаушылар тасымалы қызметі 4 пайызға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында электр энергиясына – 7,5%-ға, қоқыс жинауға – 2%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,4%-ға, орталықтан жылытуға – 2,3%-ға, ыстық суға – 0,9%-ға тарифтер өсті.

Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексін есептейді. 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарларға тарифтер мен бағаларда өзгерістер бар.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды