«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 11 мың өтініштің 1676-сы мақұлданды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қаланың «Алматы жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының алдын ала қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство аталған бағдарлама бойынша өтініш қабылдау 18 мамыр мен 1 маусым аралығында өткенін еске салды.

Барлығы 11 199 өтініш түсті, оның ішінде салалар бойынша:

Қарау қорытындысы бойынша 1676 өтініш қанағаттандырылып, үй алуға жолдама берілді:

1000 үміткердің бағыттары бойынша жинаған ұпайларына байланысты «Отбасы Банкі» АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін веб-сайттағы жеке кабинетке жолдама беріледі. Жолдама алған өтініш берушілер төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы Банкі» АҚ кез келген қызмет көрсету орталығына хабарласуы қажет. Төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы және қайталама нарықта баспана таңдай алады.

Ведомствода нақтыланғандай, негізгі тізім бойынша төлем қабілеттілігін бағалауға дейін 676 қатысушы резервтік тізімде болады.

Келіп түскен өтініштерді қарау барысында көп жағдайда бас тартудың негізгі себептері мынадай болды: жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, Қазақстанда меншік құқығында тұрғын үйдің болуы, кейінгі бес жылда тұрғын үйді иеліктен шығару, кейінгі алты айда зейнетақы жинақтарының болмауы, барлық отбасы мүшесінің Қазақстанда тұрғын үйінің болуы/болмауы туралы анықтамаларының болмауы, балалардың туу туралы сканерленген куәліктерінің болмауы және неке/ажырасу.Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

«Алматы жастары» бағдарламасы аясындағы өтініштер мен құжаттарды қарау нәтижесі толығырақ almaty-zhastary.kz сайтында жарияланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті