КҚК Ресей сотынан компания қызметін тоқтату туралы шешімді кідіртуді сұрады

Сурет: Facebook/cpcpipe
Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Новороссийск қаласының Приморск аудандық сотына компанияның қызметін әкімшілік тоқтата тұру туралы 5 шілдедегі сот шешімін орындауды аялдату тұру туралы өтінішхат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салсақ, Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты экологиялық құқық бұзушылықтарға байланысты Каспий құбыры консорциумының (КҚК, Ресей мен Қазақстанның қатысуымен компания) қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

6 мамырда Ространснадзор «КҚК-Р» АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізді, нәтижесінде мұнайдың апатты төгілуін жою жоспары бойынша бірнеше құжаттық бұзушылықтарды анықтады.

Ростехнадзордың мемлекеттік теңіз және өзен қадағалауының оңтүстік басқармасы терминал қызметін 90 күнге тоқтатуды талап етіп сотқа шағым түсірді. Компанияға 30 қарашаға дейін анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео