Шымкентте 40 млн теңгеге жуық ақша жымқырған алаяқ әйел ұсталды

Сурет: pixabay
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтарға алданғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Егде жастағы әйелдің айтуынша, 3 наурызда белгісіз азаматша қайтарымсыз мемлекет тарапынан пәтер алып беремін деп сендірген.

Содан белгілі мекенжайда алаяқ әйел 9 млн теңгені қолды қылып, қазіргі уақытқа дейін алдап келгенін көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркеуге алынды. Дәл осы жағдаймен полицияға тағы бірнеше тұрғын шағымданып, жоғарыдағыдай алаяқтардың арбауына түскенін жеткізген.

Келіп түскен ақпараттар аясында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізген шымкенттік қырағы полицейлер күдікті ретінде әйелді ұстады.

Бір жарым жыл ішінде Шымкент пен Түркістан облысының тағы 39 тұрғыны оның құрбаны болған. Олардың кейбіріне пәтерден бөлек, бизнесін қолдау үшін мемлекеттен ақша да уәде етілген.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 40 миллион теңгеге жуық. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы