Көлгінов жұмыс туралы: Шаршаған жоқпын

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз қызметінен жалықпағанын және елорданы дамыту жұмыстарын жалғастыруға ниетті екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шаршаған жоқпын деп ашық жауап беремін. Мен мемлекеттік қызметте жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Күн тәртібінде тұрған міндеттердің шешімін табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды парызым деп білемін. Бұл – мектептер, қолжетімді баспаналар, көпірлер салу, азаматтарымыздың әлеуметтік мәселелерін шешу, қоғамдық кеңістіктер, жалпы қаланы дамыту. Мен мұны өзімнің міндетім деп санаймын, - деп жауап берді Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге.

Еске салайық, 13 маусымда Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол 2018 жылдың қыркүйегінен бері әкім болып келген Бақыт Сұлтановтың орнына келді.

Бұған дейін әкім жалақы мөлшері мен LRT жобасына қатысты пікір білдірген болатын.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз