Ресейдегі Қазақстан азаматтарына паспорт алу жылдамдатылды

Сурет: Zakon.kz
Ресейде тұрып жатқан қазақстандық азаматтарға паспортты рәсімдеу мерзімі 30 күнге дейін қысқартылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, 2022 жылғы 10 шілдеден бастап Ресей аумағында «ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтарына паспорттарды рәсімдеу» бойынша мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру «пилоттық жобасы» басталды.

Бұл жоба Ресейде тұрып жатқан қазақстандық азаматтарға Қазан, Омбы, Санкт-Петербург және Астрахан қалаларындағы ҚР консулдық мекемелері арқылы паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде ресімдеуге мүмкіндік береді.ҚР СІМ баспасөз қызметі

Министрлік бүгінде электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның БАӘ (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Корея Республикасы(Сеул қ.), Ресей (Мәскеу қ.), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Өзбекстан (Ташкент қ.), Жапония (Токио қ.) мен Түркиядағы (Анкара, Ыстанбұл, Анталья қалалары) шетелдік мекемелерінде сәтті жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады