Алматылық полицейлер пәтер ұрыларын құрықтады

Сурет: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Алматы қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, бұл топқа бірнеше рет сотталған екі ер адам кіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың бірі – 29 жастағы Б.есімді азамат бөтеннің мүлкін ұрлау, тонау және адамның денсаулығына аса ауыр зиян келтіргені үшін үш рет жазасын өтеген.

Қылмыстың тағы бір сыбайласы – мүліктік қылмысы үшін сотты болған 35 жастағы К.есімді азамат.

Күдіктілерді ұстауға арналған арнайы іс-шара өткен кеште Самал шағын ауданында полицияның арнайы жасақтарының қолдауымен жүргізілді. Тұтқындаудан аз уақыт бұрын ұрылар жас әйелдің пәтеріне кіріп, ол жақтан алтын бұйымдарды, қол сағатты, ноутбуктты ұрлап, нәтижесінде миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің осы кезеңінде ұсталғандардың қаланың осы ауданында кемінде тағы екі ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Олардың жеке басын тексеру жалғасуда, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Спикердің айтуынша, күдіктілер қамауға алынды. Айтпақшы, олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны болса, екіншісі – Шығыс Қазақстаннан келген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз