Синоптиктер Алматы тұрғындарына демалыс күндері аптап ыстық болатынын ескертті

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде қалалық ТЖД Алматы тұрғындары мен мегаполис қонақтарын 17 шілдеде аптап ыстық болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, артериялық гипертониядан зардап шегетіндер, сондай-ақ инфаркт пен инсульт алу қаупі бар адамдар үшін аптап ауа райы қауіпті, делінген хабарламада.

Құзырлы ведомства азаматтарды аптап ыстықта серуендеуге шығудан аулақ болып, дене жаттығуларымен, ауыр физикалық жұмыспен белсенді айналыспауға шақырады.

Дәрігердің ұсыныстарын орындау және тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет. Артериялық гипертензияға шалдыққан адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек. Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын басынан күн өтіп кетпес үшін көп серуендемеуге кеңес береді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты