Спикерлер:
Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов.
Қаңтар айының басында Қазақстан қалаларында сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты жаппай наразылық шерулері жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Президент үкіметтік комиссия құрып, газ бағасын төмендету туралы шешім қабылдады. Соған қарамастан наразылықтар жалғасты. Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтарда үкіметтің отставкасын қабылдады. Кейбір қалаларда рұқсат етілмеген әрекеттер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстарға, погромдар мен тонауға ұласты. Елде төтенше жағдай режимі енгізілді.