Доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа бағамы тағы 3,60-қа көтеріліп, 484,18 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рубльдің орташа сараланған бағамы да 8,46 теңгеге (+0,21) көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 71,57 теңге (+0,79) деңгейінде тоқтады.

Еуро күндізгі саудада сатылымға шыққан жоқ.

Ақша айырбастау орындарында доллар 485-489 теңге, еуро 489-494 теңге, ресей рублі 7,4-7,9 теңге аралығында сатылуда.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: