"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Шымкентте күндіз 20-22 шілдеде + 40...+43°С дейін қатты ыстық болады деп күтіледі
19-20 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан солтүстікте, батыста және таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз 19 шілдеде аталған өңірдің батысында, шөлейтті аудандарында +41°С дейін, 20-22 шілдеде облыстың басым бөлігінде +40...+43°С дейін қатты ыстық сақталады. Күндіз 21-22 шілдеде батыста, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында + 45...+46°С дейін өте қатты ыстық болады деп күтіледі. Түркістанда күндіз 19-20 шілдеде –+41°С дейін, күндіз 21-22 шілдеде +45°С дейін қатты ыстық болады.
19 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан күндіз өңірдің орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың басым бөлігінде сынап бағаны +43°С көрсетіп, төтенше өрт қауіпі сақталады. Күндіз 20-21 шілдеде өңірдің басым бөлігінде +45...+46°С дейін қатты ыстық болады. Қызылордада 19 шілдеде күндіз +40...+41°С дейін қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
19 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан батысқа ойысқан желдің екпіні түнде өңірдің солтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың басым бөлігінде +35...+38°С дейін қатты ыстық болады. Ал өңірдің оңтүстігінде сынап бағаны +43°С дейін көтеріледі.
19 шілде күндіз Атырау облысының батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз қатты ыстық болады: +35...+38°С. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 19 шілде күндіз +36°С-қа дейін ыстық болады.