Бөкейхановтың бюсті үшін миллион - Павлодар облысы мәдениет басқармасының басшысы сотталды

Сурет: gov.kz
19 шілдеде Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Самал Бегалиноваға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
9 маусымда бөлім басшысы лауазымды тұлға бола тұра Б.А.-дан миллион теңге көлемінде пара алған. Ә.Бөкейхановтың мүсінін дайындауға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін. Павлодар облыстық соты

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, құжаттық дәлелдемелермен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді.

Прокурор Самал Бегалинованы үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Самал Бегалинова өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігінің санкциясында айыппұл немесе бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза қарастырылған. Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанын ескере отырып, сот оны алған пара сомасы – бір миллион теңге тәркілеумен үш жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушының жалғыз өзі тәрбиелеп отырған екі кішкентай баласы (12 және 4 жаста) бар екендігін ескере отырып, оның бас бостандығынан айыру жазасы 5 жылға кейінге қалдырылды (ҚК 74-бабының 1-бөлігі негізінде). Павлодар облыстық соты

Сондай-ақ оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынған.

Сотталғанның тәртібін бақылау тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне жүктеледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды