Нұр-Сұлтанда қай сала мамандарының жалақысы көтерілді

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік, мәдениет, спорт, жергілікті полиция қызметі және т.б. мамандарының жалақысы көтерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің ресми сайты берген ақпаратқа сай, 1 маусымнан бері әлеуметтік, мәдениет (кітапханалар, мұражайлар), спорт, жергілікті полиция қызметі және т.б. мамандарының жалақысы көтерілді.

«Қызметкерлердің еңбек жағдайын жүйелі түрде жақсартуды ары қарай жалғастырамыз. 1 маусымнан бастап әлеуметтік, мәдениет (кітапханалар, мұражайлар), спорт, жергілікті полиция қызметі және т.б. мамандарының жалақысы көтерілді. Осылайша елорда мекемелерінде жұмыс істейтін 4 мыңға жуық маман қамтылды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мәселен әлеуметтік мекемелер, медициналық-оңалту орталықтары, кітапхана және т.б. орындарда жұмыс істейтін, жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысы 30%-дан 50%-ға дейін көбейді. Осыған байланысты бірнеше мысал келтіріп өтейін:

  1. «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы және «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 1,5 есе өсті;

  2. Кітапханашылардың жалақысы 30%-дан аса («Орталық кітапхана жүйесі» КММ), суретшілердің жалақысы 50%-ға өсті;

  3. Жергілікті полиция қызметінің жалақысы 30%-ға дейін көтерілді, азаматтық қызметкерлер (С, D санаттары және разрядтаушылар) 1,8 есе өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осыған дейін медицина қызметкерлерінің, педагогтардың, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы көтерілген болатын. Осы бағыттағы жұмысты ары қарай да жалғастырамыз», - деп жазды елорда әкімі.
Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақтың алғашқы әйел дәрігері Аққағаз Досжанова туралы не білеміз

Қазақстан үкімет отырысын өткізудің жаңа форматына көшті