Көліктен зейнеткерде азық-түлік пен қажетті заттарды тасымалдайтын арба ғана бар, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Сәрсенбай күніне 40 шақырым жаяу жүреді, алты жұп аяқ киім ауыстырып үлгерген. Саяхатшы жолда калориясы жоғары ұлттық тағамдарды жейді: бауырсақ, құрт, қымыз ішеді.
Алты жыл бұрын мен бұл туралы ойландым, армандадым. Бірақ отбасым, туыстарым, достарым, әріптестерім қолдау көрсетпеді. Ал қазір негізгі мақсатымды айтқанымда, қолдап, салтанатты түрде шығарып салды. Маған Петропавл қаласы ұнады – жасыл мекен екен. Барлық жерде орман, ауасы таза, асфальты тегіс, адамдары ақкөңіл. Сәрсенбай Қотырашов
Петропавлдан әрі қарай Сәрсенбай Қотырашов Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау және Ақтау қалаларына барады.
Сәрсенбай аға, Қазақстанның тарихи-географиялық орталығы – ұлттық қымыз сусыны Ұлытауды елге танытып, қазақстандық қолөнершілердің дерекқорын жасауды мақсат тұтқан.