Алматыда самокат мінген тыр жалаңаш жұп қамауға алынды

Сурет: polisia.kz
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы жолдарында киімсіз және іш киімсіз самокат мінген адамдар қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы жолдарында киімсіз және іш киімсіз самокат мінген 25 жастағы М.есімді азаматша мен 29 жастағы Г.есімді азаматқа қатысты сот отырысы өтті.

Құқық бұзушыларды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады және ұстады. Олардың әдепсіз әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) квалификацияланды. Істің материалдары сотқа жіберілді, оның шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған Mercedes автокөлігінің жүргізушісі 28 жастағы К.есімді азаматқа қатысты да әкімшілік шара қолданылғанын айта кеткен жөн (ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігі). Оның жолаушысы – А.есімді азаматша көліктің люкінен ұялы телефонына жалаңаш адамдардың отырғанын түсіріп алған, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды