Атыраудағы жас жұбайлардың өлімі: көршілер мен әкім не дейді

Сурет: Zakon.kz
25 шілдеде Атырауда көп балалы ата-ана жалдамалы пәтерден өлі табылды. Полицейлер жас жұбайлардың өлімінің мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Azh.kz хабарлағандай, ванна бөлмесінде ерлі-зайыптылардың - су жылыту құбырына асылып қалған ер адам мен оның қасында буындыру белгілері бар әйелінің мүрделері табылды.

Көршілердің бірі сол күні ешқандай дыбыс естімегенін айтады.

Ондай ештеңе болған жоқ. Бұл пәтерде отбасылық жанжал болмаған. Кейде бала жылайтын. Олар бір ай бұрын көшіп келген.

Марқұмның өзі, басылымда атап өтілгендей, Құрманғазы ауданынан, аудан әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген, БАҚ-пен байланысқа жауапты болған.

Сондай-ақ әйелі екеуі ажырасқалы жатқандықтан, келіншек Атырауда пәтер жалдап, анасы мен балаларымен сонда тұрғаны айтылады.

Бұрын бұл отбасы тұрған Құрманғазы ауылының әкімі Мұса Әбдірахманның айтуынша, өліммен аяқталатындай мәселе болған жоқ.

Ол еш жерде тіркелмеген, әкімдікте жұмыс істеген. Негізі қарапайым отбасы, өзін-өзі қамтамасыз етті, - деп қосты әкім.

Полиция тергеуді жалғастыруда.

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің екі бабы: 99-бабы (Адам өлтіру) және 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды