Келісім шарттың сәтті жүзеге асқанын жаһан жұрты тағатсыздана күтіп отыр. Себебі, Украина соғысқа дейін әлем тұтынатын бидайдың оннан бірін экспорттап келді.
Бірақ, Ресей әскерінің бес ай бойы Украина порттарын блокадаға алып, астық тасымалына мұрша бермеуі көптеген елде азық-түлік дағдарысын туғызды, деп жазады qazaqstan.tv.
Құжатқа қол қойылғаннан кейін он екі сағат өтпей жатып, Ресейдің Одесса қаласын зымыранмен атқылауы салдарынан келісім бұзылуға шақ қалған еді.
Бұл келісім алға жасалған оң қадам. Дегенмен, қағаздағы мәміле мен нақты істің арасында үлкен айырмашылық бар. Дүниежүзі бойынша миллион адам астық пен басқа да дақылдарды тиеген кемелердің Украина порттарынан әдемдік нарыққа шығуын күтіп отыр. Олар бұл келісімге әлем алдындағы жауапкершілігін сезініп қол қойды ма жоқ па, мұны жақын арада білеміз. Антони Блинкен, АҚШ мемлекеттік хатшысы