Нұр-Сұлтанда арнайы операция кезінде есірткі арнасы жойылды

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК-нің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «А» есімді елорда тұрғының ұстады. Ол аса ірі көлемде психотроптық заттарды сатуға қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз айналымнан 1,5 келі мефедрон, 1,4 келі альфа-ПВП және 659 МДМА таблеткасы (экстази) тәркіленді.

Есірткі астананың орталығындағы жалдамалы пәтерге оралып, интернеттегі онлайн платформалар арқылы тұрақты түрде сатылып тұрған.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғаны бойынша тергелуде.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды