Almaty.tv телеарнасының мәліметінше, олардың арасында ең көбі білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет түрлері, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру, көтерме және бөлшектеп сату, автомобиль мен мотоцикл жөндеу салаларында қызмет атқарады.
Ал ең азы сумен жабдықтау, дәліз жүйесі сынды коммуналдық қызметтер (5 325 адам), қаржы және сақтандыру (6 122 адам), ақпарат пен байланыс (7 121 адам), құрылыс (9 727 адам), тау-кен және карьерлерді әзірлеу салаларында (8 655 адам) жұмыспен қамтылған.
Бірақ зейнет жасынан асқан әйел қызметкерлер бойынша бөлек статистика жүргізілмейді.
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, БЖЗҚ-да 50-60 жас аралығындағы әйелдердің атына ашылған 1 млн 158 мың жеке зейнетақы шоты бар. Олардың жалпы көлемі 1,9 трлн теңге.
Оның ішінде, 606 мыңында жинағы 1 млн теңгеге теңгеге жетпейді. Ал 305 мыңының жинағы 1-3 млн теңге аралығында. Одан көбірек, 3-5 млн теңге аралығында жинап қойғандарының саны 169 мың болса, 5-8 млн теңге аралығында жинап үлгергендері 71 мың адам. Және бір 7 мыңының әрқайсының жинағы 8 млн теңгеден асады. Ең көп жинағаны – 139,3 млн теңге екен.
Айта кетейік, біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері биыл сәуір айынан бастап өзгерген еді. Онда 50 жастағы адамның жинағында ең кемі 7 430 000 теңге болу керек. Ал 59 және одан үлкен жастағылардың жинағында жоқ дегенде 9 120 000 теңгеден болуға тиіс.
Министрлік ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер туралы да мәлімет берді. Алайда онда да әйелдер бойынша бөлек статистика жоқ.
Сол мәлімет бойынша, былтыр зерттелген кәсіпорындардың 1,6 млн жұмысшысының ішінен 375 мыңы немесе әрбір төртіншісі (28,8%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс атқарған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда жұмысшылар санында өзгеріс жоқ, алайда зиянды және қауіпті жұмыс істейтіндердің саны 8 мың адамға артыпты.
Жұмыс ауыртпалығына қарай жіктеп қарасақ, әрбір екінші (45,2%) жұмысшы қатты шу мен вибрация жағдайында, әрбір үшінші (32,1%) адам қатты газ бен көк шаң ортасында жұмыс істеген. Ал ауыр физикалық еңбекпен 93 мың адам шұғылданған (5,7%).