Қазақстандықтардың жаппай шағымынан кейін Павлодар МХЗ бензинінің сапасы тексерілді

АЗС, бензоколонка, бензоколонки, заправка, заправки, бензин, автозаправка, автозаправки, цены на бензин, стоимость бензина, автозаправочная станция, автозаправочные станции, повышение цен на бензин, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 13:45 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2026 жылғы 26 тамызда, Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) қазақстандықтардың бензин сапасына қатысты жаппай шағымдарына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі Павлодар мұнай-химия зауытында өндірілген автомобиль бензиндерінің төрелік сынамаларын зерттеу нәтижелері алынғанын мәлімдеді.

"2026 жылғы 25 тамызда Павлодар мұнай-химия зауытында өндірілген автомобиль бензиндерінің төрелік сынамалары SGS Kazakhstan тәуелсіз зертханасында тексерілді. SGS компаниясы әлемнің 115 елінде жұмыс істейді, штаб-пәтері Женевада, Швейцарияда орналасқан", – деп хабарлады ПМХЗ баспасөз қызметі.

Зауыт мәліметінше, зертханалық сынақ нәтижесінде төрелік сынамалардың ГОСТ 32513 стандартының сапа талаптарына сәйкес келетіні расталды.

"Осылайша, Павлодар МХЗ өндірген АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин Кеден одағының ТР ТС 013/2011 техникалық регламенті мен ГОСТ 32513-2013 талаптарына сәйкес келеді. Зауыттан жөнелтілген бензин партиялары өнім сапасының талапқа сай екенін растайды", – делінген хабарламада.

Анықтама: төрелік сынама – мұнай өнімінің әрбір жөнелтілетін партиясынан алынатын бақылау үлгісі. Ол зауыт аумағындағы тәуелсіз SGS зертханасында талдаудан өткізіліп, пломбаланады. Кейін мұнай өнімінің сапасына қатысты дау туындаған жағдайда қайта тексеру үшін арнайы қоймада 45 тәулік бойы сақталады.

Еске салайық, 25 тамызда Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметтегі брифингте қазақстандықтардың отандық бензин сапасына қатысты шағымдарына пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, Энергетика министрлігі бұл мәселені тексеріп жатыр.

Министр ведомство мамандары бензин өндіру технологиясының ықтимал бұзылуын анықтау үшін зерттеу жүргізіп, сынамалар алып жатқанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: