Ыстық, жаңбыр және тұман: 4 тамызға арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 4 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оңтүстікте, шығыста, орталықта және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай, екпінді жел, оңтүстіктің таулы аймақтарында, күндіз оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында – тұман. «Қазгидромет» РМК

Тек республиканың батысында, солтүстігінде антициклонның екпіні бар, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Жамбылдың таулы аймақтарында, күндіз Жетісу облысында қатты жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында күндіз қатты ыстық күтіледі.

Қызылорданың басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +24...+26°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +28...+30°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +32...+34°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты