Шілде айында тұрғын үй нарығындағы бағалар қалай өзгерді

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда (2021 жылдың шілдесі мен 2022 жылдың шілдесі аралығында) қайталама нарықтағы пәтерлердің құны 26,4%, жаңа тұрғын үйдегі сату 19,6% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте жайлы тұрғын үйді жалдау ақысы 20,8% өсті.

Өңірлерге қарасақ, бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар жылдық мәнде Ақтөбеде (32,5%), Нұр-Сұлтанда (27,6%), Өскеменде (26,1%) айтарлықтай өскен.

Қайталама тұрғын үй нарығында баға өсімі бойынша көшбасшылар:

Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында әдеттегідей Алматы көш бастап тұр, 47% өскен.

Бұл ретте бір айда (2022 жылғы маусым-шілде аралығында) пәтерлерді қайта сату бағасы 0,8%, жаңа тұрғын үйді сату 0,5% өсті.

Ыңғайлы тұрғын үйді жалға алу шілде айында өткен аймен салыстырғанда 0,4% қымбаттады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті