Оның үстіне барлық өңірлерде теріс көрсеткіш тіркелді. 2022 жылдың маусымымен салыстырғанда транзакциялар саны 2%-ға азайды.
Өңірлер бойынша шілдеде ең көп мәміле Алматы қаласында – 4 915 және Нұр-Сұлтан қаласында – 4 391 мәміле жасалған. Барлық транзакциялардың ең азы Солтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылған – 619. Ұлттық статистика бюросы
Өткен аймен салыстырғанда өңірлердің көпшілігінде транзакциялар санының төмендеуі байқалады. Мәселен, ең көп төмендеу Павлодар (-19,2%), Алматы (-17,0%) және Атырау (-13,8%) облыстарында байқалды.
Мәмілелердің өсуі тек 4 облыста тіркелді: Нұр-Сұлтан (14%), Алматы (11,5%), Батыс Қазақстан (7,5%) және Ақтөбе облыстарында (4,4%).
Бұл ретте мәмілелердің 72%-ы көпқабатты үйлердегі пәтерлерге жасалса, қалған 28%-ы сатылған жеке үйлердің үлесіне тиесілі.
Ең көп сұраныс 2 бөлмелі пәтерлерге тиесілі, шілдеде олар бойынша 8,4 мың мәміле жасалды, барлық мәмілелердің басым бөлігі Алматыда (1570), Нұр-Сұлтанда (1486) және Қарағанды облысында (1304) жасалған.
Жеке тұрғын үйлер бойынша 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда транзакциялардың өсуі тек Нұр-Сұлтанда (+9,2%), Ақтөбеде (+11,3%) және Батыс Қазақстан облыстарында (+27%) байқалды.