Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ) — мемлекеттің меншігі болып саналатын және механикалық көлік құралына берілетін, ұлттық стандарт талаптарына сәйкес дайындалған жеке әріптік-цифрлық белгісі бар бұйым. Бұл ұғым «транзит» нөмірлік белгілеріне де қолданылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өндіруші кәсіпорындардан, автожөндеу зауыттарынан, Мемлекеттік кірістер органдарынан және сауда ұйымдарынан тіркеу орнына айдап апарылған, сондай-ақ тұрғылықты жерінің өзгеруіне немесе меншік құқығының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған көлік құралдарына «транзит» МТНБ бір реттік пайдалану үшін беріледі.Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті
«Транзит» МТНБ беру кезінде көлік құралдарына меншік құқығын растайтын құжаттарға көрсетілген белгілердің сериясы, нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі жазылады және ол сол мәліметтерді жазған ұйымдардың мөрлерімен расталады.
«Транзит» МТНБ-ның қолданылу мерзімі – берілген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн.
Заң бойынша барлық механикалық көлік құралдары мен тіркемелер «транзит» тіркеу белгісінің қолданылу мерзімі ішінде не сатып алынған немесе кедендік декларацияланған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей ішкі істер органдарында тіркелуге тиіс.Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті
Ведомство өкілдерінің айтуынша, «транзит» нөмірлері үшін тәулік уақыты бойынша қандай да бір шектеулер қолданыстағы заңнамада көзделмеген.
Бұл дегеніміз, мұндай нөмірлері бар көлік құралын тәуліктің кез келген уақытында және кез келген бағыттар бойынша пайдалануға рұқсат етіледі. Бір ғана шектеу – олардың қолданылу мерзімі 10 күн.Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті
Сондай-ақ, полиция департаментегілер Қазақстанда көлік құралдарын тіркеудің эксаумақтық қағидатын енгізумен «транзит» нөмірлерін алуға деген сұраныстың азайғанын айтты.
Мысалы, егер Өскемен қаласының тұрғыны Алматыда автокөлік сатып алса, ол оны өз өңірінің нөмірлерімен Алматының мамандандырылған ХҚКО-сына есепке қоя алады, бұл ретте транзиттік нөмірдің қажеттілігі жоғалады.Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті